Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұлттық мерекеде 55 сәби дүниеге келді

26.10.2022, 11:45 316

HALYQLINE.KZ Бүгін облыс әкімінің орынбасары Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Пазилов Сабит Бексеитұлы облыстық перинаталдық орталығында «25 қазан – Республика күні» бір тәулікте туылған сәбилер мен аналарын құттықтады.

Онда Ұлттық мереке күні дүниеге келген нәрестелер ме аналарына аймақ басшысының орынбасары Нұрымбет Аманұлы, «Біз үшін ең бастысы нәрестелер мен аналар денсаулықтарының мықты болуы. Мереке күні дүниеге келген барлық сәбидің аман-сау болуымен қатар, айтулы ел азаматы болып өсуіне тілектеспін. Қазақтың саны көп болсын!», – деген ізгі тілеген білдіріп, әрбір анаға жаңа туылған сәби күтіміне арналған қобдиша сыйға тартты.

Өз кезегінде босанушы аналар Нұрымбет Аманұлы мен Сабит Бексеитұлына зор ризашылықтарын білдіріп, тілектерін жаудырды. Босанған аналардың ішінде ең жасы 17 жастағы қала тұрғыны 3540 грам салмақтағы ұл баланы дүниеге әкелді. Мереке күні босанған сәбилер мен аналарын құттықтау іс-шарасы аудандарда да жалғасуда. Айта кетейік,«Республика күнінде» 1 тәулікте облыс бойынша барлығы 55 бала туылса, оның 38-і – ұл, 17-сі – қыз бала.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: