Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Тікұшақпен дәрі шашады» деген рас па?

18.03.2020, 9:37 597

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі кеше «Whatsapp» желісінде тараған «Бүгін сағат 23:00 мен 05:00 аралығында  дезинфекция үшін тікұшақпен дәрі шашады. Үйдің терезелері мен балкондарын ашуға, сондай-ақ сағат 23:00-ден кейін көшеге шығуға тыйым салынады» деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Бұл жайында «Telegram» желісінде айтты. ⠀


Жалған ақпарат таратқандар ҚР заңнамасымен қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ. 

«Әлеуметтік желілерде жүрген жалған ақпараттарға емес, тек ресми деректерге сеніңіздер», – деді министр.

Нақты ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау комитетінің ресми сайтынан, министрлік пен комитеттің «Facebook» парақшасынан оқи аласыздар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: