Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тергеу изоляторындағы сайыс

25.03.2021, 17:30 488

Наурыз мерекесіне орай, тергеу изоляторындағы шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталған азаматтар арасында спорттық іс-шара өтті. Мекеменің тәрбие бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырған бұл жарысқа, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының әдіскерлері Бертай Сағидат пен Умирбеков Айдос төрелік етті.

Жатахана ауласына жиналған жазасын өтеушілер үш топ болып бөлініп, арқан тарту, турникке тартылу, қол күресі бойынша жарысқа түсті.

Қыран тобындағы С есімді азамат турникке тартылу бойынша өзінің ширақ екендігін көрсетті. Ал арқан тартуда Барыс тобының білекті жігіттері ә, дегеннен-ақ, күш қуаты жағынан Ұшқын тобынан басып озды. Қол күресі жарысы бойынша, керісінше, Ұшқын тобындағы жігіттер қауқарлы екендіктерін танытып, алдыңғы орыннан көрінді. Осылайша, біраз күш сынасып, білек сыбасып, желпініп, серігіп қалған қапастағылардың бойларына қан жүгіріп, көңілдері көтеріліп қалды. Жарыс қорытындысы бойынша әділқазылар жеңіске жеткендерге медальдар тағып, мақтау қағаздарымен марапаттады.

Құқық бұзып,қылмыскер атанғандар, маңдай терімен алған бұл қалақандай ғана темір мен бір жапырақ қағаздың, өздерінің оң мінездеме жинауға игі әсерін тигізетініне балаша қуанды.

ЗК-169/1 тергеу мекемесі

Р.Абдрахманова.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: