Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сенбей көр, әлем – 2099 жылы осындай болады!

03.12.2021, 9:30 454

HALYQLINE.KZ

Рэй Курцвейл – өнертапқыш, футуролог және жазушы.

Ол Google-да жұмыс істейді. Оның болжамдары бүгінде айна қатесіз орындалуда. Мысалы, ол біраз жылдар бұрын компьютерлік шахмат әлемдегі ең жақсы шахматшыны жеңе алады, адамдардың өмірінде цифрлық көмекшілер (siri, alexa) пайда болады және виртуалды заттар өмірдің бір бөлігіне айналады т.с.с. көптеген болжам айтқан еді.

Рэй Курцвейлдің болашақта не болатынын және өмірімізде не өзгеретінін туралы біраз болжамдарын ұсынайын.

1. Өмір сүру ұзақтығы артады. Адамдар сыртқы келбеті мен денсаулығына көп көңіл бөліп, жас көрінеді.

2. Компьютерлер кішірейе түседі. Адамдар оны киіміне жабыстырып алып жүре беретін болады.

3. Әлемде бір ғана үкімет болады. Барлық адамдар бір мемлекеттің астында өмір сүреді.

4. Жарнамалық науқанды жұмыстар аудио желі арқылы әрбір адамға жеке жеткізілетін болады.

5. Нанотехнологияға негізделген «Адам денесі 2.0» шығарылады.

6. Пилотсыз ұшу аппараттары мен көлік құралдары 100% компьютермен басқарылатын болады.

7. Адам миының қалай жұмыс істейтінін түсінуге көмектесетін нанотехнология 2025 жылы ашылады.

8. Адам миының бөліктерін компьютерлік модельдеу мүмкіндігі болады.

9. Жасанды интеллект Тюринг сынағынан өте алады, ол адам сияқты ойлана алатынын дәлелдейді.

10. Виртуалдылық өте жоғары деңгейге жетеді және шындықтан айырғысыз болады.

11. Наноматин медицинада кеңінен қолданылатын болады.

12. Нанотехнология өндірісі әлемдік экономиканы өзгертеді, өйткені оның жиілігі жоғары болады.

13. Нанороботтардың жасушаларға еніп қоқысты кетіру мүмкіндігі болады, сондықтан дәстүрлі тамақтану процесі қажетсіз болады.

14. Ақыл-ойды орналастыра алатын мүмкіндік пайда болады. Адамдар өз денелерін физикалық және виртуалды шындықта елестетіп, интернетте өмір сүре алатын болады.

15. Адам миындағы наноматиндер когнитивті және сенсорлық қабілеттерді, оның ішінде есте сақтау қабілетін арттыруға көмектеседі.

16. Адамдар бір-бірімен сымсыз желі арқылы, яғни телепатия арқылы байланысады.

17. Адамның мінез-құлқын және есте сақтау қабілетін өзгерту мүмкіндігі болады.

18. «Адам денесі 3.0» пайда болады және олар белгілі бір дене пішініне ие болмайды. Адамдар қалаған уақытта қалаған нәрсесін және сыртқы түрін өзгертетін мүмкіндік пайда болады.

19. Адамдар виртуалды әлемде өмір сүре бастайды.

20. Био емес интеллект биоинтеллектен миллиард есе артылатын болады.

21. Барлық адамнан миллиард есе ақылды компьютерлерді 1000 долларға сатып алуға болады.

22. Технологияның ерекше формасы пайда болады, яғни жасанды интеллект адамнан озып, әлемдегі ең ақылды формаға айналады.

23. Адамдар мен роботтардың арасындағы айырмашылық онша көп болмайтындықтан адамдардың жойылып кетуі мүмкін емес.

24. Әлем бір үлкен компьютерге айналады.

25. Табиғи денесін сақтағысы келетіндер арнайы брондау аймағында тұрады.

26. Адамзат жарық жылдамдығымен шектелмейтін болады.

27. Жасанды интеллект өзінің ықпалын Жер шегінен тыс Күн жүйесіне, содан кейін басқа галактикаларға жібереді.

28. Жұлдыздар, планеталар және метеориттер тіршілікті қамтамасыз ететін құрылымдарға айналады.

29. 2099 жылға қарай машиналар планеталық өлшемдегі компьютерлер жасай алатын болады.

Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: