Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Селфи» сөзін алғаш австралиялық мас жігіт қолданған

16.02.2024, 17:40 144

HALYQLINE.KZ

Әлеуметтік желілерді қолданатындардың барлығы селфи жасаған болуы тиіс. «Селфи»» өзіңді суретке түсіру өнері болып кетуі де мүмкін. Бірақ селфи үрдісі қашан пайда болды?

1. Конгресс кітапханасының мәліметі бойынша, алғашқы және ең көне селфиді 1839 жылы Роберт Корнелиус түсірген. Қазіргі заманғы технологиялармен салыстырғанда оның суретін басып шығаруға 3-15 минут уақыт кеткен деп есептейді.

2. Селфи сөзін алғаш мас австралиялық ер адам қолданған. Бұл сөз алғаш рет 2002 жылы қолданылған. Оксфордтың ағылшын сөздігінің түсіндірмесінде, 2002 жылы онлайн-форумға қатысқан австралиялық мас күйінде өзін мақтап: «Егер бұл сіздің назарыңызды аударса, кешіріңіз, бұл селфи болды», – деген екен.

3. Селфилер Flickr-де 2004 жылдан бері қолданыла бастады, бірақ көпшілікке жету үшін ондаған жыл қажет болды.

4. Кейбір селфилер біртүрлі көрінеді, өйткені ешкімнің беті 100 пайыз симметриялы емес.

5. Селфидегі әйелдердің мінез-құлқын зерттегенде, зерттеуге сәйкес, Бразилияның Сан-Паулу қаласындағы әйелдер селфи жасаған кезде бастарын ең көп, яғни 16,9 градусқа еңкейтеді. Нью-Йорк тұрғындары 7,9 градус ауытқумен екінші орынға шықты.

6. Жалпы адамдар көп селфи жасағанды ұнатпайды. Зерттеулер көрсеткендей, сіз әлеуметтік желілерде көп селфи салған сайын ұнатулар (лайк) саны азаяды.

7. 2020 жылы әлеуметтік желі сайттарының қолданушылары барлығы 238 миллиард селфи жасады. Бұл – жылына орта есеппен 34 селфи.

8. Кореяда селфи жасауды селка деп атайды. Бұл – селфи + камера сөзінің қосындысы (аббревиатурасы).

9. Селфи сөзі Оксфордтың ағылшынша сөздігіне 2013 жылы қосылған.

10. «Time» журналы селфи сөзін соңғы жылдары бірнеше рет жылдың ең жақсы, әрі көп қолданған он сөзінің қатарына қосты.

Аударған  Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: