Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Республикалық «KazRoboSport 2020» чемпионаты өтті

28.12.2020, 9:20 485

HALYQLINE.KZ

2020 жылы 26 желтоқсанда «Qosyl» қалалық жастар ресурстық орталығы және «SmartGeneration» робототехника мектебінің ұйымдастыруымен республикалық «KazRoboSport 2020» чемпионаты өтті. Жарысқа барлығы 42 жас өнертапқыш қатысты. Сайыс нәтижесі бойынша қатысушылардың республикалық рейтингісі анықталады.

Робототехника жарыстарының негізгі мақсаты – спортты және білім беру робототехникасын кеңінен насихаттау, жастар арасында ғылыми-техникалық шығармашылық пен инженерлік мамандықтардың престижін арттыру, балалар мен жасөспірімдердің спорттық және кәсіби қызметке қажетті дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар, жастардың шұғыл инженерлік-техникалық мәселелерді практикалық шешу және технологиямен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, балалар мен жастардың инновациялар мен жоғары технологиялар саласына қызығушылықтарын ынталандыру және талантты жастарды анықтау, іріктеу және қолдау да қолға алынды.

Бұл бастамаларда бой көрсетіп, жастарға ұстаздық етіп жүрген Серікбол Мұратұлының қосқан үлесі орасан зор. Қазіргі таңда ол «SmartGeneration» робототехника мектебі директоры, «Kazrobotics» республикалық білім беру және спорттық робототехника федерациясының Қызылорда облысы бойынша өкілі. Жастардың білімін шыңдай отырып, жарқын болашаққа деген қадамның бастамасы осы екенін көрсете білген маман екенін айта кетейік.

Бекен Ғалымжанұлы,

«QOSYL» қалалық жастар ресурстық орталығының маманы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: