Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

АҚШ роботпен басқарылатын соғыс ұшағын жасады

16.01.2021, 17:00 201 0

HALYQLINE.KZ АҚШ әлемде бірінші болып жасанды интеллектпен (робот) басқарылатын соғыс ұшағын жасап шықты.

U-2 Dragon Lady деп аталатын бұл соғыс ұшағы ARTUm деп аталатын жасанды интеллект алгоритмімен жабдықталған. 3 жылдан астам уақыт зерттеу мен құрастыру нәтижесінде ұшақты 15.12.2020 ұшырып сынақтан өткізді. Бұл ұшақ өзіне бағытталған зымран оғынан қашып құтыла алады, сондай ақ жаудың әуе шабұл базасы мен әуеден қорғану базаларын іздеп тауып жою қабілетіне ие екен.

«Қытай мемлекеті жасанды интеллектті өзінің әскери күштеріне және өндірісіне көптеп қолдана бастады. Қазір осы саланы дамытуға өте көп мөлшерде қаржы бөліп жатыр. Соңғы 5 жылда Қытай мемлекеті өзінің еңбегінің жемісі ретінде адамсыз жүретін кемелер жасап Оңтүстік теңізді қорғауға қолданбақшы. Және олар адамсыз (жүргізушісіз) жүретін танкі жасап өзінің осы саладағы (жасанды интеллект) жетістіктерін паш ете бастады.» – деп баяндаған Пентагон сондықтан осы саланы дамытуға көшкенін айтты.

«Алдағы 10-15 жылда жасанды интеллектті қолдану аясы барынша кеңейіп барлық салады кеңінен қолданылатын болады» дейді.

«Ғылым жаңалықтары» тобынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: