Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Талап-ережелерді меңгермеген». Исламтанушы Асқар Сабдин Нұрлан имамның уағыздарына қатысты пікір білдірді (видео)

04.03.2024, 10:35 380

HALYQLINE.KZ

Исламтанушы, теолог Асқар Сабдин «Adal Adam» Youtube-арнасына берген сұхбатында Нұрлан имамның әлеуметтік желіде тараған уағыздарына қатысты пікір бірдірді.

Оның айтуынша, Ханафи мазхабында пәтуа шығару үшін 3 негізгі шарт бар.

«Бір өкініштісі, қазір қоғамда дін бойынша уағыздар Таяу Шығыстан экспорт болып есептеледі. Олардың уағызшыларын тыңдайды да, керегін алады, оларға еліктейді. Ол кісілердің уағыздарын «эмоция базары» деп есептеймін.

Нұрлан имамды жеке тұлға емес, тенденция ретінде айтып өткім келеді. Ислам дінінде кез келген адамның іс-әрекетінде пәтуа шығару деген процесс бар. Пәтуа дегеніміз – діни сұрақтың діни жауабы. Ханафи мазхабында пәтуа шығару үшін 3 негізгі шарт бар. Біріншіден, тұлға ислам қайнар көзін меңгеруі керек, яғни пәтуа шығарушы – пәтуа қалыптастырушы субъект. Екіншіден, ол ислам құқықтық техникасын үйренуі керек. Үшіншіден, тұлғаның өзі белгілі бір квалификациялық талаптарға сай болуы шарт. Ислам әлемінде соңғы ғасырдағы ең үлкен мәселе – норма шығарушы субъектке қойылған талаптың бәрін аяқ асты етіп жатыр. Кез келген тұлға келіп мынау дұрыс, дұрыс емес, кәпір, мұсылман, харам, адал деп бөледі. Осыдан көптеген дау пайда болып, ол зорлық-зомбылықпен аяқталып жатыр. Біздегі кейбір имамдар мен уағызшылар осы нормаларды ұстанбайды. Бір аяттың дәйексөзін келтіреді де, үкім шығарады. Ал оның басқа хадис, аяттармен байланысын білмейді. Ол кісі пәтуа шығарудың талап-ережелерін меңгермеген. Бұл норма шығару ережелерін бұзу болып есептеледі. Бұл – біздің Ханафи мазхабында жоқ нәрсе, шетелден келген басқа ғылымдардың тактикасы», – дейді исламтанушы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: