Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Табынбаевтардың тағылымды ісі

04.03.2022, 15:50 611

HALYQLINE.KZ

Ұлы отан соғысы және еңбек ардагері, 1-ші дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордені, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалінің иегері, ұлағатты ұстаз Табынбаев Айдарбек Әбдірейімұлы 18 қаңтарда 100 жасқа толған екен.

«Қасіретті қаңтардың» қайғысы әлі тарай қоймаған осы күндері ағайынды шақырып, ас беріп жатқанды ыңғайсыздау көрген белгілі қаламгер Жұмабек Табынбаев мынадай бастама жасапты.

Табынбаевтар әулеті асқа атаған ақшалай қаражатты, яғни 500 (бес жүз) мың теңгені Жанқожа баба медресесінің құрылысына қосуды жөн санапты.

Батыр мешітіне әулетімен түгел келген Табынбаевтарды қарсы алған мешіттің найб имамы Бахтияр Саламатұлы әулет бабасы Айдарбек ақсақалдың рухына арнап құран хатым жасады.

Садақаларыңыз қабыл болсын, Айдарбек Әбдірейімұлының ұрпақтары!

Талайлы  Бөріқұлақов,

Қазалы  ауданы

Пікірлер:

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: