Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Табиғатқа 9 миллионнан аса шығын келген»

03.07.2020, 22:25 529

HALYQLINE.KZ Табиғат байлығының бірі дала-орман екені белгілі. Қоршаған ортаны қорғау қоғам үшін маңызды. Дала-орман қорындағы өсімдіктер мен жануарларға тиетін қатердің бірі – өрт. Өрттің негізгі себебі – табиғи фактордан бөлек, адамның әсерінен  болуы да ойлантарлық жағдай.

«Жүргізіліп жатқан барлық профилактикалық жұмыстарға қарамастан 2020 жылғы 6 ай ішінде облыс бойынша дала-орман қоры жерінде 38 өрт оқиғасы тіркелді. Табиғатқа келтірілген шығын көлемі 9,2 млн теңгені құрайды», – деді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысының ТЖД  Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Нұрсұлтан Ибрагимов.

38 өрттің 31 өрт оқиғасына мемлекеттік өрт сөндіру қызметі қатысқан жоқ, себебі өрт туралы ақпараттар космомониторинг жүргізу арқылы және орманшылардың сырттай қарау кезінде анықталған, ал 7 өртті мемлекеттік өрт сөндіру қызметі сөндірген.

Дала өрттерінің өсуі көбінесе аумақты тазарту немесе қоқыстарды жағу жұмыстарын жүргізу барысында болады.

«Өрт қауіпті кезеңде табиғи өрттерді болдырмау мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде, соның бірі ағымдағы жылы 22-24 маусымда жергілікті атқарушы органдар мен «Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» мемлекеттік мекемесімен бірлесіп,  далалы және тоғайлы алқаптарда 8 өрт-тактикалық жаттығу өткізілді.

Құрметті облыс тұрғындары, тұрмыста және далалы аймақта өрт қауіпсіздігі ережесі талаптарын қатаң сақтаңыздар!», – деді ол сөз соңында.

Қызылорда облысы ТЖД

баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: