Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Су тұщыту қондырғысы абаттандыру жұмысына септігін тигізуде

04.05.2024, 10:05 218

Бүгінгі таңда аудан орталығында аяқ су яғни тұщытылған техникалық суды өндіру арқылы қаланы абаттандыру-көркейту жұмыстары қолға алынуда.

Арал қаласында тұзсыздандыру стансасындағы суды тұщыту қондырғысы көмегімен таза су өндірілуде. Арнайы резервуарға жиналған су қоры сутасығыш көліктер арқылы белгіленген аумақтарға құйылады. Құрылғы сағатына 2 м³, тәулігіне – 50 м³ концентратсыз таза су шығаруға қабілетті.

Қондырғыдан өндірілген су арқылы скверлер мен саябақтар, қала көшелері мен кіші архитектуралық нысандардағы гүлзарлар мен талдар суарылатын болады. Оған қоса, автомобиль кептелісі орын алатын көшелерге де арнайы техникамен су шашу қарастырылған.

Аталған жұмыстар алдағы уақытта ауыз су қорын үнемдеуге мүмкіндік туғызады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: