Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шиеліде Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті

04.06.2026, 16:00 64

HALYQLINE.KZ

Бүгін Шиелі ауданындағы Рәміздер алаңында 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға аудан тұрғындары, ардагерлер, жастар, мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Салтанатты іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды. Салтанатты жиында сөз сөйлеген аудан әкімі Айтбай Жандарбеков аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап, Мемлекеттік рәміздердің ел тәуелсіздігі мен егемендігінің басты нышаны екенін атап өтті.

– Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын көтеретін, елдік пен бірліктің, тәуелсіздіктің символы. Көк байрағымыз, Елтаңбамыз бен Әнұранымыз әрбір қазақстандықтың жүрегінде ерекше орын алады. Рәміздерімізді құрметтеу — Отанға деген сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі, — деді аудан басшысы.

Салтанатты іс-шара барысында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндер орындап, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Елдік рухты дәріптеген концерттік бағдарлама көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Сонымен қатар, салтанатты жиында мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері ант қабылдап, елге адал қызмет етуге серт берді.

Іс-шара соңында қатысушылар мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетіп, еліміздің жарқын болашағы жолындағы ортақ құндылықтардың маңыздылығын тағы бір мәрте айшықтады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: