Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шиеліде аудан және ауыл имамдары марапатталды

28.12.2022, 11:50 284

HALYQLINE.KZ Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасы Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Шиелі аудандық орталық мешітіне қарасты аудан және ауыл мешіттерінің имамдарын марапаттау іс-шарасы өтті. Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сала. Өңіріміз – салтын сақтап, дәстүрін дәріптеген, имандылық пен парасаттылықты биік қоятын киелі мекен.

Аудан тұрғындарына, әсіресе жастарымызға, отбасы құндылығы мен рухани, патриоттық тәлім-тәрбие беруде діни бірлестіктер ерекше еңбек сіңіруде. Аудан бойынша 31 мешіт болса, онда 33 имам жемісті жұмыс істеуде.

Жиынды аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов ашып беріп, аудан және ауыл мешіттерінің имамдарын аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

Кездесу барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Әзімханұлы және аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Нәйла Әбілқасымқызы сөз алып, ыстық ықыластарын білдірді. Сонымен қатар, “Оқшы Ата” мешітінің бас имамы Бақыт Бахрамұлы, “Есабыз ата” мешітінің бас имамы Самат Шаймерденұлы сөз алып, өз алғыстарын жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: