Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шиеліде 25 көпқабатты үйдің сыртқы беті әрленді

26.10.2022, 14:40 389

HALYQLINE.KZ Республика күніне орай Шиелі ауданы әкімінің бастамасымен, кенттегі 81 көпқабатты тұрғын үйдің 25-іне сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстар қыркүйек-қазан айларында аудан кәсіпкерлері мен мекемлерінің қолдауымен іске асырылды.

Мәселен сыртқы әрлеу жұмыстарын жүргізуге Ленци Инвесть, Гежуба Шиелі, Шиелі Жарығы, Шиелі Жолшы, КНК Кимикал ЖШС, РУ-6, ГРП-23, Иіркөл кеніші ЖШС, Казчинур, ТТК-ШИЕЛІ мекемелері демеушілік жасады.

Сондай-ақ, әрлеу жұмыстары «Арсен» дүкенінің иесі Анар Қыдырбекова, «Аян» дүкенінің иесі Қуаныш Стиев, Әбдіғазиз Әлжанов, Бақыт Қожасов, Үсен Мырзаев сынды елге жанашыр азаматтардың көмегімен, қолдауымен жүзеге асырылды.

Атап айтар болсақ, Ахмет Байтұрсынов көшесінде 4 көпқабатты тұрғын үй, Сәкен Сейфуллин көшесінде 1 көпқабатты тұрғын үй, Дәулеткерей көшесінде 5 көпқабатты тұрғын үй, Ахмет Яссауи көшесінде 2 көпқабатты тұрғын үй, Көкшоқы мөлтек ауданында 7 көпқабатты тұрғын үй, Жақаев көшесінде 4 көпқабатты тұрғын үй, Әл-Фараби көшесінде 2 көпқабатты тұрғын үйдің сырты әрленді.

Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Көрнекі фото

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: