Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сенің құлауыңды күтіп отыратын адамдар бар…

21.05.2026, 5:00 25

HALYQLINE.KZ

 (Өнегелі  әңгіме)

Бір адам күндіз-түні еңбек етіп жүрді. Ол өз өмірін өзгертуге, өзгелерге пайдалы нәрсе жасауға тырысып, үнемі жұмысбасты болды.

Қателеседі. Шаршайды. Кейде тіпті мойып кететін кездері де болады.

Бірақ ол тоқтаған жоқ.

Ал оның артында әрдайым бір адам бар еді. Ол адам ештеңе де жасамайды.

Жай ғана қарап отырады.

«Қашан қателесер екен?», «Қашан сүрініп, құлар екен?» деп күтеді.

Күн өтті. Жыл өтті.

Еңбек етіп жүрген адам қателік жіберсе де, одан сайын көп нәрсе үйреніп, одан әрі алға кетті.

Ал оның қателесуін аңдып, сынап, басқаларға оның қателігін лепірте айтып, тағы да қателесуін күтіп отырған әлгі адам… сол тұрған жерінде сол күйі қалды.

Сонда бір дана адам оның бұл көзқарасын түсініп, теріс ойын түзеткісі келіп былай депті:

«Басқаның қателесуін күтіп отыратын адам ешқашан жетістікке жетпейді. Өзгелерге сырттай еліктеп, олардың жетістігін бөліскендей болу адамды дамытпайды. Өйткені жеңіс тек алға жүріп келе жатқан адамға ғана келеді. Сондықтан өзіңнің мақтанышқа толы тарихыңды өзің жаса! Әйтпесе кейін сені не жаман естелікпен еске алады, не мүлде ешкім есіне алмайды».

Сондықтан адамдар сенің құлауыңды күтіп отырса да, сен жай ғана алға жүріп, өз жолыңды жаса.

Өйткені күтіп отыратын адамдар тарих жасамайды. Олар өміріне, өзіне, басқаларға өкпелеп қала береді.

Ал еңбек етіп, әрекет ететін адамдар ғана әлемді өзгертеді.

Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: