Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сақтық шаралары пысықталды

04.02.2020, 15:52 499

Ақпанның алғашқы күндері Сыр өңірінде күн қабағы жылышырай танытты. Мұндай кезде өзенде мұз еріп сең қозғалуы мүмкін. Әсіресе, көктем шыға құтқарушылардың жұмысы қыза түседі. Дегенмен, асқынға тосқын болып елді қорғап қалу маңызды. Оқыс жағдайларда абдырап қалмау үшін Қызылорда облысы әкімдігі мен азаматтық қорғау қызметтерінің Дайындық деңгейі инертті материалдарының нақты көлемдері түгенделіп, олардың қауіпті учаскелерге шоғырландырылуы пысықталды.

Шара Қармақшы ауданында өз жалғасын тауып, өңірдің су тасқыны кезінде болатын төтенше жағдайларды жоюға жұмылдырылатын 126 адамы мен 36 бірлік техникасы бар азаматтық қорғау қызметтері, ұйымдар, мекемелер, кәсiпорындар және авариялық-құтқару қызметтері күш-құралдарының дайындығы пысықталып, саптық қарау өткізілді. Сонымен қатар, су басу қаупі бар учаскелерден тұрғындарды, жануарларды көшіру мақсатында, 5 эвакуациялық жинақтау, 5 эвакуациялық қабылдау бекеттерінің орындары нақтыланды.

Сонымен қатар, оқу жаттығуды өткізу барысында республикалық «Хабар-24» телеарнасы арнайы келіп, тікелей түсірілім жүргізді. «Су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды» бейнесюжетінде Қармақшы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Ө.Сақтабаев және Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті басқармасы бастығының орынбасары Ж.Досимов сұхбат берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: