Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Сәл болмағанда бүкіл Ислам дінін 20 центке сатып жібере жаздадым»

17.04.2022, 14:00 631

HALYQLINE.KZ

Америкада бір имам болыпты. Мешітке күнде бір автобуспен қатынайды екен.

Бірде әдетінен жаңылмай автобусқа мінгенде жолақысын береді. Бірақ осы жолы жүргізушіден 20 цент артық «сдача» алады. Орнына отырған имам пендешілікке салынып түрлі ойға беріледі. «Көп ақша да емес осыны өзімнің қалтама қалдыра салам-ау» – деп азғырылады.

Автобустан түсерде қайта тәубесіне келіп жүргізушіге:

– Cіз маған 20 цент артық беріп жіберіпсіз, – деп өзіне қайтарады.

Сонда жүргізуші:

– Mен саған бұл артық ақшаны әдейі берген едім. Мұсылмандар жайлы мағлұмат жинап жүрмін. Сенің де мұсылмандығыңды сынайын деп едім, – дейді.

Автобустан түскен бойда имам тізерлеп отырып жылап: «Я Алла, кешіре гөр, сәл болмағанда бүкіл Ислам дінін 20 центке сатып жібер жаздадым», – деп күрсініпті.

Әлеуметтік  желіден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: