Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының төрағасы сайланды

07.02.2024, 12:05 213

HALYQLINE.KZ

Журналистер одағы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы болып Қуат Шарабидинов сайланды.

Қуат Әбішұлы 2017 жылдан бастап облыстық «Сыр бойы» газетінің бас редакторы болып қызмет атқарып келеді.

Журналистикадағы еңбек жолын осы газеттен бастаған. Әр жылдары жауапты хатшының орынбасары, жауапты хатшы, облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының редакторы қызметтерін атқарды. Аймақ басылымдары «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне біріккен тұстан бастап мекеме басшысының орынбасары болды.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: