Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Пікір мен сынға ашықтық керек

10.10.2022, 11:30 324

HALYQLINE.KZ

«Дүниежүзілік конгрестің тарихи маңызы ерекше Әл-Фараби сияқты ғалымдар мен философтардың елі болып саналатын Қазақстан жерінде өткеніне шын ризамын». АҚШ-тың Өркениеттер алмасу және ынтымақтастық қорының президенті және негізін қалаушысы Имам Мохамад Башар Арафат елордадағы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі аясында өткен «Діни лидерлер мен мемлекет қайраткерлерінің жаһандық дінаралық диалог пен бейбітшілікті ілгерілетуге, экстремизмге, радикализмге және терроризмге қарсы іс-қимылға қосқан үлесі» атты пікірталаста осылай деп мәлімдегені еді.

Имам Арафат Қазақстанға 2016 жылы спикер ретінде АҚШ елшілігі ұйымдастырған іс-шараларға қатысуға келді. 2018 жылы Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қолдауымен жергілікті имамдар мен дін саласындағы мамандар АҚШ-қа Өркениеттер алмасу және ынтымақтастық қорының ұйымдастырған International Observers Program алмасу бағдарламасына қатысты. Содан бері Имам Арафатты Қазақстан және басқа да Орта Азия елдері бірге дінаралық диалог, өркениеттер мәдениеті саласындағы оқу бағдарламалары мен іс-шараларға маман ретінде шақырып келеді.

– Діни жетекшілер мен саясаткерлердің міндеттері мен жауапкершілігі бір-бірімен тығыз байланысты және терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимылға келгенде оларды ажыратуға болмайды. Екі билік те мойындалу үшін бір-бірімен бәсекелеспей, керісінше, бір-бірімен үндестікте жұмыс істегенде, нәтиже табысты болмақ, – дей келе ол өз сөзінде өткен ғасырдың 70-жылдарының аяғынан бастап соғыстар мен қақтығыстардағы діндердің рөлінің артып келе жатқаны байқалғанын жеткізді. Діни қайраткерлер халықаралық әлемдік аренада көріне бастады. «Терроризмге қарсы тұру» ұғымы бүкіл әлемде жиі қолданылғаны байқалды, бірақ 2001 жылы 9 қыркүйектегі АҚШ-та болған террорлық оқиғалардан кейін көп нәрсе толығымен өзгерді.

– Мұндай іс-шаралар мен бағдарламаларды өткізу имамдар мен діни жетекшілердің құзыретінде болғанымен, кейбір елдердегі мұсылман қауымдары «сенімсіздікпен» қарағанымен, діни жетекшілердің жұмысын нығайтуда саясаткерлердің көмегі шынымен себін тигізетінін байқадым. Діни көшбасшылар мен саясаткерлердің ынтымақтастығы саясаткерлерге ортақ мәселені шешуге арналған бастамаларға діни идеяларды, субъектілерді және институттарды қалай тиімді тарту керектігін түсінуге көмектеседі. Діни жетекшілер мен саясаткерлер арасындағы мұндай одақ маңызды әрі қажет. Бұндай ынтымақтастық болмаған жағдайда «сенімсіздік» пайда болады. Жүйелі кездесулер мен өзара іс-қимылдар адамның жүрегінде және санасында не бар екенін бөлісуге мүмкіндік береді, бұл барлық мүдделі тараптарға бір бетте қалуға және бейбітшілік орнату үшін қоғамдық дипломатияны нығайтуға мүмкіндік береді, – деді ол өз баяндамасында.

Оның айтуынша, тиімділік артуы үшін саясаткерлер де, діни көшбасшылар да бір-бірінің пікірлері мен сындарына ашық болу керек. Сондай-ақ, саясаткерлер діни жетекшілерді тек белгілі бір әрекетті айыптау үшін мәлімдеме жасағанда немесе пәтуа шығару үшін ғана пайдаланғанда емес, діни мектептерге бүгінгі жаһандық сын-қатерлер мен өзгерістерді байқауға, тәжірибе жасауға және талқылауға көмектесетін стратегиялық даму бағдарламасын дайындағанда, жас діни лидерге, түлектерге осынау әлеуметтік медиа ғасырында жергілікті және жаһандық деңгейде бейбітшілік пен келісім туралы қалай уағыз айту керектігін үйретуді талқылағанда дүниежүзіндегі діни азшылық өкілдерінің діни сеніміне қарсы негізделген лаңкестік, экстремизм, төзімсіздік және зорлық-зомбылық әрекеттерінің көбейіп, күшейіп бара жатқаны өкінішті екенін айтты. Мұндай зорлық-зомбылыққа қарсы тұру үшін қажетті ынтымақтастыққа қол жеткізу үшін тиісті жаңартылған оқыту мен реформаларды қамтамасыз ету – бүгінгі таңда саясаткерлер мен діни лидерлердің міндеті.

– Мен осы баяндамамды жазу барысының өзінде, көптеген елдерде зорлық-зомбылық пен терроризмнің көбейгенін көріп отырмын, тіпті саяси күн тәртібін жүзеге асыру үшін ондай әрекетті діни тұрғыдан ақтауға тырысқандарды байқай бастадық. Саясаткерлер мен діни көшбасшылар белгілі бір келісімге келіп, барлығына екі жаққа да тиімді жаһандық күн тәртібіне баса назар аударуы кажет. Адамзаттың отбасын дамытуда бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығару – біздің ұжымдық міндетіміз. Қазақстанда дәстүрлі түрде өтетін Дүниежүзілік конгресс саясаткерлер мен діни лидерлерді біріктіреді. Бір-бірін қолдайды, имамдар мен басқа дін көшбасшылары үшін арнайы тренингтерді дайындайды (кезінде біздің мекеме Діни дипломатия және жаһандық ынтымақтастықты бастағандай), терроризмге, экстремизмге, фанатизмге, ксенофобияға қарсы тұрудың тиімді бірлескен әдістерін енгізеді, әлемге бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету діни күн тәртібінде де, саяси күн тәртібінде де маңызды екенін көрсетеді деп үміттенемін және дұға етемін, – деді ол.

Р. РАХМЕТОВА

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: