Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өнерпаздың жазасы

10.10.2020, 16:00 505

HALYQLINE.KZ

Бірде патшаға уәзірі таңғала бір жаңалықты жеткізеді. Бір өнерпаз жігіт он қадамнан иненің көзіне жіп лақтырып өткізеді екен! Патша ол жігітті алдыртады. Лақтырғанын өз көзімен көреді. Сонан соң жігіттен:

– Осы өнерді үйренуге қанша жылың кетті? – деп сұрайды.

– Жиырма жылым кетті, – деп масаттана жымиыпты жігіт.

– Мынаған жиырма алтын беріңдер. Сонан соң жиырма дүре соғыңдар! – депті патша нөкерлеріне.

Патшадан тек ғана қошемет дәметіп тұрған жігіт:

– Жазығым не? – деп шоши, үрейлене сұрайды.

– Алланың өлшеп берген өмірінің бақандай жиырма жылын пайдасыз іске жұмсағаның үшін! – депті ашулы патша.

Пікірлер:

Ақын Көкше үшін пікір үстеу Жауапты болдырмау

Тағы да оқыңыз: