Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қырғызстан президенті Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

20.04.2026, 16:45 77

Садыр Жапаров Мұхтар Шаханов қайтыс болуына байланысты пікір білдірді. Ол біздің Президентке көңіл айту жеделхатын жолдады.

Ол өз сөзінде Мұхтар Шахановтың Қазақстанның Қырғызстандағы тұңғыш елшісі болғанын және Шыңғыс Айтматовтың досы болғанын атап өтті.

«Мұхтар аға тек бауырлас қазақ халқының тірегі ғана емес, көпмиллионды қырғыз халқының да рухани ұстазы еді. Қырғыз жұртшылығы тағы бір асқар шыңынан, тағы бір рухани тірегінен айырылып, жүрегінің бір бөлшегін жоғалтқандай ауыр қайғыны бастан өткеріп отыр. Мұндай ұлы тұлғалар туралы халық арасында: “Оның кетуімен бір дәуір аяқталды” деп айтады. Шынында да, Мұхтар ағаның мәңгілік сапарға аттануымен күллі түркі әлемі бір дәуірінен айырылды…»

«…Қадірлі қазақ бауырлар!
Осы қаралы күні, еліне адал қызмет еткен осындай көрнекті ұлдан айырылып, ауыр қайғыға ұшыраған сәттеріңізде, бауырлас қазақ халқына және ақынның туған-туыстарына шын жүректен көңіл айтамын».

Фото: tengrinews.kz телеграм арнасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: