Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кітап оқымаған ойлаудан да тыйылады

07.07.2022, 14:30 486

HALYQLINE.KZ Сөзімді Ғабит Мүсірепов атамыздың «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» деген сөзімен бастағым келіп отыр. Адамзат баласының жетістіктерінің бірі – технология әлемінің дамуы екендігін баршамыз білеміз. Ал бұл даму білімнің арқасында пайда болған дүние. Білім қайда дейтін болсақ, білім ол – кітап беттерінде. Осы сөздерге сүйене келе адамзат баласының ең басты игі жетістіктерінің бірі – білім қазынасы екендігіне көзіміз жетеді. Кітап – адам баласының сан ғасырлық еңбектерінің нәтижесі. Кітап оқу арқылы біліміміз артып, ойымызға ой қосылып, санамыз жоғарылап, жан-жақты боламыз. Адам санасының жоғарылауына көркем әдеби кітаптар, әлемдік дәрежедегі шығармалар көп септігін тигізеді. Дүниелік білімнің кілті, өмірді танытушы құрал – кітап. Жалғанды жалпағынан басу үшін, басты болу үшін де “кітап” дейтін бақ керек. Алайда арғы жағын ойлай бермейтін азаматтар оқудан жат қалған. Кітаптың қасиеті құрып, оқырмандары азайған заманның зардабы қандай болмақ? Ең өкініштісі, кітап оқитын жастардың санының азаюы.

Қазіргі таңда бұл ауқымды мәселелердің біріне айналғаны да өтірік емес. Яғни, кітап оқу құнсыздану барысында. Оның бірден-бір себепшісі, күнделікті өмірде қолданысқа әбден кірігіп алған  ғаламтор желілері мен  компьютер секілді құралдар. Көбінесе білім ордасындағы берілетін тапсырмаларды орындау барысында ғана кітап беттерін ашпасақ, өз еркімізбен көп оқи бермейміз. Бұның барлығы жас буынның кітапқа, әдеби шығармаларға деген қызығушылығының төмен болуында. Кітапхана сөрелерін шаң басып, оқырманы табылмаған қанша оқулық тұр десеңші. Кітаптың бізге беретін пайдасы орасан зор. Мысалы халқымыздың  ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы кітапты көп оқуының арқасында бірнеше тілді меңгерді. Ал М.Горький болса «Мен өз бойымдағы барлық жақсылығым үшін кітапқа борыштармын» деген. Қорытындылай келетін болсақ, кітап жансыз, бірақ шынайы досымыз, өмір бойы дұрыс  жол көрсететін серігіміз. Кітап секілді жанашырды  бұл әлемде таба алмаймыз!

Фариза БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: