Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ethnologue мәліметі: Әлемде 22 млн адам қазақша сөйлейді

14.04.2023, 16:37 502

Әлем бойынша қазақ тілін білетін азаматтар саны  былтыр 2 млннан асқан.

SIL International ұйымы жасап шығаратын әлем тілдері бойынша ең танымал Ethnologue: Languages of the World анықтама жобасы 2022 жылы Қазақстанда, елден тыс және әлемде қанша азаматтың қазақ тілін білетіні туралы статистикалық мәліметті жариялады. 

Ұйым зерттеуінің нәтижесі бойынша, былтыр әлемде қазақ тілінде сөйлейтіндер саны 22 486 396 адам болды. Қазақстаннан тыс жерлерде – 2 717 990, ал Қазақстанда – 13 768 406. 

Қазақстанда қазақша сөйлейтіндер саны:

  • ана тілі ретінде – 11 861 654;
  • екінші тіл ретінде – 1 906 752.

Қазақстаннан тыс жерлерде:

  • ана тілі ретінде – 2 582 990;
  • екінші тіл ретінде – 135 000.

Әлемде:

  • ана тілі ретінде – 14 444 644;
  • екінші тіл ретінде – 2 041 752.

Қарлыға Бүйгенбай

«informburo.kz»

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: