Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бас жүлде «Қылмыскердің күлкісі» шығармасына берілді

28.10.2022, 17:45 416

HALYQLINE.KZ

«Заң газеті» республикалық басылымы мұрындық болып, арнайы ұйымдастырған Кемел Тоқаев атындағы дәстүрлі республикалық детектив шығармалары байқауының жеңімпаздарын анықтап, марапаттау салтанаты бұл жолы Сыр елінде өтті.

«Заң газеті» республикалық басылымының ұйымдастыруымен жыл сайын өтетін шығармалар байқауы – шытырманға толы оқиғалармен қатар, қылмыстың алдын алуда, ашуда, қылмыстық іс бойынша әділ шешім қабылдауда өз міндеттерін адал атқарып жүрген сала мамандарының еңбегі туралы қалам тербеген отандастарымызға жаңа мүмкіндіктер, еліміздегі детектив шығармалардың дамуына жаңа серпін беріп келеді. Оған дәлел ретінде бүгін шығармалар жинақталған «Шытырман» кітабының тұсаукесерінің өтуі болды.

Үш айдан астам уақыт республиканың түкпір-түкпірінен жинақталған шығармалар саны жүзден асты.

Жазушы Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив шығармаларының дәстүрлі 5-байқауында 106 шығарма арасында жүзден жүйрік озып шыққан А.Өмірбаевтың (Жетісу облысы) «Қылмыскердің күлкісі» шығармасы бас жүлдені иеленді. Үшінші орынды «Түтін» шығармасы үшін А.Кемелбаева (Астана қаласы) және «Оралманның ойраны» шығармасы үшін Т.Ахетов (Қызылорда облысы) иеленсе, екінші орынды «Тылсым түннің құпиясы» шығармасы үшін Б.Жалиева (Ақтөбе облысы) мен «Қалықтап жеткен үн» шығармасы үшін Н.Шынтаевқа (Алматы облысы) бұйырды. Бірінші орынмен «Үтіктегі қан» шығармасы үшін А.Әбілов (Қызылорда облысы) марапатталды.

Жеңімпаздарға арнайы қаржылай сертификаттар табысталды.

Сонымен қатар, Қызылорда облыстық соты төрағасының арнайы жүлдесін «Тергеу аяқталған жоқ…» шығармасы үшін Б.Қалаубай жеңіп алды.

Әріптесіміз Байқоңыр қалалық сотының бас маманы Н.Нұрбайқызы облыстық полиция департаментінің арнайы жүлдесімен марапатталды. Әріптесіміз Қабыл Тұрарұлы да байқауға қатысып, ынталандыру сыйлығын иеленді.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: