Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Дильназ Ержігітова Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен өткен «Білімді қыздар – ұлттың ұйытқысы» атты республикалық студенттер айтысында бас жүлдені жеңіп алды. Бұл туралы ҚУ-дың баспасөз қызметі хабарлады.
Суырыпсалма ақындық өнерімен көзге түсіп жүрген Дильназ үшін бұл – университет қабырғасында жүріп қатысқан екінші айтыс. Бұған дейін ол Алматы қаласында өткен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің дәстүрлі VIII халықаралық «Менің пірім – Сүйінбай» атты жас ақындар айтысында жүлделі ІІ орын иеленген болатын.
Айтыс – халқымыздың рухани мұрасын ұрпақ санасына сіңіретін өнер. Дильназ осы өнерді ұлықтап, суырыпсалма қабілетімен дараланып келеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!