Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алтынбек Қыстаубаев: «Мен өлеңнен адалдықты үйрендім»

24.07.2020, 10:10 1357

 HALYQLINE.KZ 


Бейуақыт

Арбалған сезім, тым аңқау жүрек,

Ақпанда қайта жан енді.

Жек көріп бəрін, ызадан күлед(і)

Кешіріп сосын, əлемді…





Сағындыр, сүйдір аңсатсаң, аңсат!

Жарқ еткен сəуле жасын бе ең?

Жүректі суғап отырам кей сəт,

Жанардан аққан жасыңмен.





(Өмірді осы бекер-ақ сүйдім,)

Ғашықтар өткен арманда.

Сұлу періштем кезіктің неге?

Пенделер жүрер жалғанда.





Түндерде мұңлы, түстерде бірдей

«Түс – түлкі» теңе асылға.

Бермеген саған гүлдердің ылғи,

Жүремін таңдап қасында.





Жыласаң, жыла, тарасын шерің,

Түнгі ойлар азап таң келмей.

Тағдырды сөкпе, таппасаң теңін.

Сағынба ешкімді дəл мендей…










Үйрену!

Өлмеу емес – бұл тірлікте басты арман.

Иран бақта сəуле түссе аспаннан.

Адам Ата-Хауа Анадан бұл ғұмыр,

Табиғаттан үйренуден басталған.





Биік шыңды мақсат етіп асығып,

Қансырап-ақ құз басына асылып.

Мен таулардан құламауды үйрендім,

Қайғы-мұңды қаламыма жасырып.





Жүректерге жүк артасыз мəңгі сіз?

Жолында оның байсыз, бірде жарлысыз.

Мен өлеңнен адалдықты үйрендім,

Сенесіз бе!? Адам айтса нанғысыз.





Ұқпайды ол жақ əдетіңді-ғұрпыңды,

Тұрмайды өмір тек ойлаудан құлқынды.

Мен аспаннан мəңгілікті үйрендім,

Мəңгі сонда қалатындай, біртүрлі…





Озса дейтін сені ылғи да аты елден,

Сүйеді оны тірлікте бар əпендең.

Мен сүюді ғажап жаннан үйрендім,

Сол жан мені ма өмірге əкелген.





Көңілінен сезім туған толғанса,

Сені ешқайда апармайтын жолдарша.

Көкжиектен шексіздікті үйрендім,

Көз ұшына алыстайтын барғанша.





Мөп-мөлдірсің, мəңгі гүлің солғанша,

Тəкаппарсың, əлі атпаған таңдарша.

Мен жаңбырдан шын жылауды үйрендім,

Жанарымда соңғы тамшы қалғанша.





Құшақ ашсаң жусан иісі қарсы алған,

Бұлбұл үнге, қарға тағдыр тамсанған.

Мен даладан мұңаюды үйрендім,

Жүрегімен жанды қозғап əн салған.





Таулар сынды мәңгі басын қар шалған,

Қолың жетпес тірлікте бар қанша арман?!

Тұратынын өмір бізге ұқтырды,

Шын бақыттың сағыну мен аңсаудан.










Қара шаңырақ

Кіндікті ер туған жерін сағынады,

Сағынғанның белгілі сабылары.

Қазақ ғана қасиет, кие тұтқан,

Бабалардың ол – қара шаңырағы.





Өтер ғұмыр өлшеусіз дөңгеленіп,

Сонда да бақытты ойлап сөнбеді үміт.

Құрақ құрап анау жер анам отқан,

Жылап келгем, өкшеме шөңге кіріп.





Көпке тоймас ғұмыр ғой, азға налып,

Кенже қалса қара ошақ маздары анық.

Өтіп кеткен қалайша өкпек желдей,

Болмашыға таңғалар бозбалалық.





Уақыт арбап жылдардың жетегіне,

Сендірді өмір өткінші екеніне.

Мезгіл өтіп көктем де қайта келді,

Жыл құсындай ұя сап мекеніне.





Қалмай өмір көшінің күймесінен,

Қыр астым, қала кездім сый-несібем.

Қара орманның қадірін ұқтым қайта,

Иісі сіңген әкемнің жейдесінен…





Бақ қайда, бақыт қайда дұрысында?!

Шамаң бар ма, тағдырмен жұлысуға?!

Бала күннің көзі әлі жәутеңдейді,

Ескі үйдің ошағының бұрышында…










Іңірдегі ойлар

Кешігіп кештерден кейде,

Таң ата оралғаным үшін!

Хабарсыз, хатың жауапсыз,

Себепсіз жоғалғаным үшін!

Басқаны әніме қосып,

Бақтарды аралағаным үшін!

Сезімтал жүрегіңді солай,

Себепсіз жаралағаным үшін!





Сертімде тұра алмай сенген.

Қисынсыз құбылғаным үшін!

Жырымды оқып басқаға,

Қызықсыз қыдырғаным үшін!

Мәңгілік махаббатыңа сенің,

«Мәнсіз деп» сенбегенім үшін!

Келем деп кездесулерге,

Біржола келмегенім үшін!





Көңілім құлазып тұрса,

Қасыңда қалмағаным үшін!

Өзіме қажетсіз санап,

Кей кешке бармағаным үшін!

Түбінде бақытты етем деп,

Басқаны алдағаным үшін!

Сенімен ең қиын жолда,

Бірге ет деп таңдағаным үшін…





Кешірім өтінемін Күнім..!

Жырақта жүрсем де үнемі,

Сағынып тосқаның үшін.

Көңілің қалса да кейде,

Дұғаңа қосқаның үшін.

Жаныма жылу беретін,

Ып-ыстық от демің үшін!

Бақытқа бөлегің келген,

Бал тәтті сәттерің үшін.





Көңілге қарамай көбін,

Жанымнан табылғаның үшін!

Ақын деп мойындап мені

Сәт сайын сағынғаның үшін!

Жігерім құмға айналғанда,

«Жарым» деп жұбатқаның үшін!

Қолайсыз мінезімді де,

О баста ұнатқаның үшін!





«Шүбәсіз сенші» деп айтар,

Керемет шешімдерің үшін!

Өрескел қателігімді де,

Көзге ілмей кешіргенің үшін!

«Арманың асқақ жаным» деп,

Тезірек жет дегенің үшін!

Айғайлап, қусам да кейде,

Сабырмен кетпегенің үшін!

Рақмет саған, Жаным!

Алтынбек СЕЙІЛХАНҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: