Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Республика күнін атап өтті

26.10.2023, 17:50 156

Қызылорда облыстық филармониясының концерт залында Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға сала ардагерлері мен ҚАЖ қызметкерлері қатысты. Департамент бастығы әділет полковнигі Шаймерден Тәжіқұлұлы шараға қатысушыларды мерекемен құттықтап, ата-бабамыздан мұра болып қалған тәуелсіздігімізді баянды ету жолында әлі де бар күш-жігер жұмсап, бұдан әрі де табанды еңбек етуге шақырды.
Мерекелік шара барысында Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Саденов Ержан Сапарбекұлының мерекелік жедел хаты оқылды.

Республика күніне орай Ішкі істер министрінің бұйрығымен «Қылмыстық атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен ҚАЖД 37 мекемесінің режим тобының жедел уәкілі әділет майоры Әзімхан Рахманов, «Қазақстан полициясына 30 жыл» мерейтойлық төсбелгімен әділет подполковнигі Абжалиева Ақерке Темірбекқызы,ҚР ІІМ-нің алғысхатымен, №37 мекемесі бақылаушылар қызметінің бақылаушысы Қазанқапов Манас ҚР ІІМ-нің алғыс хатымен, ҚАЖ департаменті бастығының бұйрығымен 30 қызметкер, ҚАЖ департаменті бастығының бұйрығымен сала ардагерлері «Қазақстан полициясына 30 жыл» мерейтойлық төсбелгілерімен марапатталды. Сондай-ақ, қызметте жоғары нәтиже көрсеткен қызметкерлердің аналары «Офицердің анасы» төсбелгісімен марапатталды. Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: