Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Республика күні негізгі бес бағытта өткізіледі

18.10.2022, 17:00 504

HALYQLINE.KZ Облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында республика күніне ұйымдастырылатын іс-шаралардың негізгі 5 бағытта өткізілетінін хабарлап, БАҚ өкілдеріне игі шаралардың тізбегін баяндады.

«Бірінші бағыт – ресми шаралар. Онда барлық жергілікті атқарушы органдар мен мекемелерде салтанатты жиындар өткізіліп, әр салада еңбек сіңірген қызметкерлер мен еңбек ардагерлері және төтенше жағдай кезінде ерлік көрсеткен азаматтар марапатталады.

Екінші бағыт – елдегі қогамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті насихаттауға арналған іс-шаралар. Бұл бағытта ғылыми конференциялар, шығармашылық кештер, фестивальдар, форумдар, дөңгелек үстелдер мен танымдық кездесулер, ашық сұхбат алаңдары, тақырыптық лекциялар өткізіледі.

Үшінші бағыт – мәдени-бұқаралық іс-шаралар. Аймақта 20 қазаннан бастап барлық орталық алаңдар мен саябақтарда мерекенің бүкіл халықтық атмосферасын қалыптастыруға мүмкіндік беретін жаппай серуендер, жәрмеңкелер, көрмелер, экспозициялар, мерекелік концерттер, от шашулар және басқа да мерекелік іс-шараларды өткізу жоспарлануда.

Төртінші бағыт – қайырымдылық және қоршаған ортаны қорғауға арналған экологиялық акциялар. Бұл мерекенің әлеуметтік миссияларының бірі – әрбір қазақстандықтың мұқтаж адамдарға өтеусіз көмек көрсетуге мүмкіндігі бар екенін сезіндіру.

Бесінші бағыт – мерекені көрнекі безендіруге және ақпараттық сүйемелдеуге ерекше мән беріледі. Республика күнін визуалды қамтамасыз етудің тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдамаға сәйкес, барлық елді мекендердің орталықтарында, сауда үйлері мен орталық көшелерінде көрнекі ақпарат құралдары ілініп, сыртқы дизайнына ерекше назар аударылады, – деді облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Аманұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: