Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада сотты болған 366 адамға рақымшылық заңы қолданылды

04.06.2022, 14:00 546

HALYQLINE.KZ  2021 жылдың 7 желтоқсанында Мемлекет басшысымен «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына қол қойылды.

Облыстық прокуратура және қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлерімен аталған Заңның кейбір нормаларының қолданылуына қатысты облыстағы түзеу мекемелерінде жазасын өтеушілер мен пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалардың арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Осы Заңға сәйкес сотталғандардың жеке істері зерделенді.

Нәтижесінде сотты болған 366 адамға қатысты рақымшылық қолданылды.

Олардың ішінде түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан 81 тұлғаның 46-сы негізгі жазадан босатылып бостандыққа шықса, 35 сотталғанның жаза мерзімдері қысқартылды.

Сол сияқты пробация қызметінің есебінде тұрған 285 адамның 98-і негізгі жазадан босатылып есептен алынса, 187-нің жаза мерзімдері қысқартылды.

Қызылорда облыстық прокуратурасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: