Аты жаман ауруды тізгіндеу әзірге мүмкін болмай тұр. Коронавирустың қарқыны қатты. Дәл қазіргі жағдай бойынша Қызылордада кесірлі кеселдің саны 9-ға жетіп отыр. Бұл туралы Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметов мәлімдеді.
– Бүгін зертханалық талдама арқылы аурудың 4 жағдайы тіркелді. Анықталған 4 жағдай осыған дейінгі ауырған науқастармен қарым-қатынас жасап жұқтырған. Бір науқас Қызылорда қаласы «Мерей» мөлтек ауданының тұрғыны, 1994 жылы туған. Бір науқас Жаңақорған ауданынан табылған науқастың әжесі, әкесі және анасы болып келеді, – деді Жақсылық Әбдусаметов.
Аймақтың бас дәрігерінің айтуынша, қазір науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Қазіргі таңда олар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында тиісті ем-домын жалғастыруда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!