Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада газбен қамтамасыз ету 70%-ды құрайды

03.03.2023, 9:30 329


HALYQLINE.KZ 2023 жылғы 28 ақпанда ҚР Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесуде сөйлеген сөзінде 2022 жылдың қорытындысы бойынша өңірде тауарлық газ өндірісі 175 млн м3 құрағанын хабарлады.

Мемлекеттің теңгеріміндегі Қызылорда облысында алынатын газ қорлары шамамен 39 млрд м3 құрайды, оның 80% – ы бос газ болып табылады, оны бүгінгі күнге дейін өндіру экономикалық тұрғыдан тиімсіз болды.

Жер қойнауын пайдаланушыларды газ өндіру мен қайта өңдеу көлемін ұлғайтуға ынталандыру, сондай-ақ газ кен орындарын игеруге инвестиция салу үшін газ сатып алудың жаңа формуласы әзірленді.2022 жылдың қорытындысы бойынша Қызылорда облысында аукцион арқылы жер қойнауының 2 учаскесі бойынша жеңімпаздар анықталды:

Шығыс Керуен және Орталық Керуен учаскесі. Осы учаскелер бойынша геологиялық барлауға инвестициялар – 1,8 млрд теңгені құрайды.

ҚР Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов Қызылорда облысының газдандыру деңгейі 70%-ды құрайтынын немесе 584 мыңға жуық адамның табиғи газға қол жеткізе алатынын атап өтті. 2023 жылдың қорытындысы бойынша 12 елді мекен (Төретам, Ақай, Бірлік, Қыраш, Жайылма, Еңбекші, Абай, Досан, Шалхия, Құттықожа, Кейден және Жиделіарық) газбен қамтамасыз етілетін болады, олардың жалпы саны 33 мың адамды құрайды.

Сондай-ақ 2022 жылы еліміз бойынша сұйытылған мұнай газын (СМГ) ішкі тұтыну көлемі 1,8 млн тоннаны құрады. 2021 жылмен салыстырғанда тұтыну 400 мың тоннаға өсті. Өндірушілер үшін инвестициялық тартымдылықтың төмендігіне байланысты СМГ өндірісі 2022 жылы шамамен 400 мың тоннаға қысқарды.Бұл ретте ҚР-да СМГ-ның литріне бөлшек саудадағы бағасы аймаққа байланысты 50 теңгеден 70 теңгеге дейін өзгереді. Көрші елдермен салыстырғанда Қазақстанда СМГ бағасы 3-4 есе төмен. Қызылорда облысында 1 литр үшін бағасы 60-65 теңгені құрайды.

Өңірде 6 газ толтыру станциясы және 178 автогаз құю станциясы бар. Облыста СМГ-ны тұтыну 2022 жылы 90 мың тоннаны, өндіріс кезінде 75,2 мың тоннаны құрады.2023 жылы сұйытылған мұнай газының айналымын реттеу процестерінің реинжинирингі мәселелері бойынша Заң қабылданады деп күтілуде.

Сондай-ақ СМГ-ға шекті бөлшек сауда бағаларын мемлекеттік бағалық реттеуді 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту көзделген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: