Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада 7 мыңға жуық азамат тұрақты жұмыспен қамтылды

25.01.2023, 15:05 522

Бұл туралы бүгін баспасөз орталығында өткен брифингте қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Кенжегүл Құрақбаева баяндады.

– Биыл бөлімге қарасты барлық орталық ғимараттары Ғ.Мұратбаев көшесі №1Д мекенжайына көшіріліп, бір жерден қызмет көрсетуде. Ғимаратта мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасалған және бір терезе қағидатына сәйкес қызмет көрсетуде, – деді Кенжегүл Құрақбайқызы.

Жалпы, 2022 жылы Қызылорда қаласында 11 321 жаңа жұмыс орны ашылып, оның ішінде 6988 азамат тұрақты жұмысқа орналасқан. Бұдан бөлек, Мемлекет басшының 10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын ашу жөніндегі тапсырмасы аясында қалада 5732 жаңа жұмыс орны ашылды. Ал, «Жұмыспен қамтудың өңірлік картасы» шеңберінде 31 жоба бойынша 504 азамат жұмыспен қамтылса, мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту мақсатында 12 мекемеге 26 азамат тұрақты жұмысқа жолданды. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған 48 азамат жұмысқа орналасты.

Айта кету керек, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» ұлттық жоба аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 105 азамат жолданып, оның 92-сі тұрақты жұмыспен қамтылды.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша «Бастау бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқу курсын 5087 адам аяқтап, жаңа бизнес – идеяларды іске асыру бойынша 814 азамат мемлекеттік грантқа ие болды.

Сондай-ақ, «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бағыты бойынша қоғамдық жұмыстарға 2942 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 206 адам, жастар тәжірибесіне 1108 жас маман, «Алғашқы жұмыс орны» жобасымен 71 жас маман, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасымен 5 адам, «Күміс жас» жобасымен 38 зейнеталды жастағы азамат жұмысқа жолданды. Аталған бағдарламалар арқылы жұмысқа жолданған азаматтардың 512-сі тұрақты жұмысқа орналасқан.

Жыл көлемінде қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі арқылы 99 093 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 35 853 адамға атаулы әлеуметтік көмек төленіп, 11 398 балаға кепілдендірілген әлеуметтік топтама берілді. 5325 адамға тұрғын үй көмегі көрсетілді. Жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 3970 адамға әлеуметтік төлем жүргізілді.

Мүгедектігі бар тұлғаларды оңалту шараларын жүзеге асыру бойынша 1 топ мүгедектеріне 904 жеке көмекші, есту кемістігі бар адамдарға 17 ымдау тілі маманы, 13 инватакси қызмет көрсетті. Үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедектігі бар 507 балаға әлеуметтік төлем жүргізіліп, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал 225 отбасы ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: