Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада 26 жастағы азамат суға кетті

14.07.2020, 10:00 735

HALYQLINE.KZ 12 шілде күні 17:37 минутта 112 құтқару қызметіне «ПМК-29» саяжайы «Қалғандария» көлінде 1994 жылы туған азамат суға түсуге арналмаған жерде суға түсу кезінде батып кеткендігі жөнінде хабар түсті.

Аталған шақырту бойынша Төтенше Жағдайлар Департаменті Өрт сөндіру қызметінің Жедел құтқару жасағынан 6 құтқарушы, 1 қайық, 1 бірлік техника күшімен іздестіру жұмыстары жүргізілді.

Іздестіру жұмыстары нәтижесінде 18:58 минутта азаматтың мәйіті оқиға орнынан шамамен 30 метр, тереңдігі 2 метр су табанын табылып, судан шығарылды.

Құтқарушылардың айтуы бойынша, көл жағасында 7 дос ішімдік ішкен.  Суға шомылу кезінде 1994 жылғы азамат су асты  шылауына (шылауларға) оратылып қалып, қатты үрей мен өзін-өзі құтқара алмай, сол жерде тіл тартпай кеткен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: