Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада 26 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді

25.03.2020, 10:17 466

Апта басында Қызылорда қаласы әкімінің тікелей тапсырмасымен жедел штаб мүшелері қаладағы бірнеше базарды аралап шықты. 

Қала әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімімен бірге алдымен ең қажетті деген ұн, май, сүт, картоп, сәбіз, жуа, т.б. өнімдердің бағасына аса мəн берді. Сатушылармен бірге тұтынушылардың пікірлерін тыңдады.

Қазіргі уақытта астық нарығындағы қымбатшылық жағдайға байланысты өңірлік тұрақтандыру қорына алынған ұн әлеуметтік нан пісіретін наубайханаларға төмен бағада беріліп, бүгінгі таңда әлеуметтік дүкендерде 55 теңгеден сатылуда. Қалада әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасына күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Халық ең көп тұтынатын әлеуметтік дүкен сөрелеріндегі азық-түлік өнімдері: нан – 55 теңге, 1 сортты бидай ұнының келісі – 126 теңге, картоп – 83, жуа – 55, сәбіз – 82, сиыр сүті – 230, сиыр еті 1550 теңгеден сатылуда.

Әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарлар бағаларының өсуіне жол бермеу мақсатында қалада «Алтын қамба» қоры жұмыс істеуде. Бүгінгі күнде қала орталығында 26 әлеуметтік дүкен бар. Жыл ішінде халық тығыз орналасқан аумақтардан тағы да әлеуметтік дүкендер салу жоспарлануда.

Әлеуметтік маңызы бар халық көп тұтынатын 19 түрлі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында қаладағы ірі сауда орындарымен келісімге отырып, қала халқын нарық бағасынан 10-15 пайызға төмендетілген өнімдермен қамтамасыз ету шаралары жүзеге асырылуда.

         Жедел штаб мүшелері азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсуіне жол бермеу және олардың тиісті қорын жасақтау, сұранысқа сәйкес тауарлар бағасының қол жетімді болуына жағдай жасау шараларын басты назарға алды.

Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Бахтияр Алмусаев

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: