Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: «Соңғы тәулікте вирус жұқтырған адам тіркелген жоқ»

27.04.2020, 10:29 373

HALYQLINE.KZ –| Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын соңғы тәулікте жұқтырған науқас тіркелген жоқ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.

«Жалпы облыс бойынша 179 науқас тіркелген, оның 99-ы сауығып шықты. Сондай-ақ, коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болған 2658 азамат анықталды. Оның 1361-і жақын қарым-қатынаста, 1297-сі жанама байланыста болған. Қазіргі таңда, жұқпалы аурулар ауруханасында 80 науқас ем қабылдауда. Бұған қоса, провизорлық стационарда 53 науқас, карантиндік бақылауға 490 азамат жатқызылған», – деді Жақсылық Әбілқасымұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: