Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрып, аяз болуы ықтимал

27.10.2026, 10:55 44


«Елдің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен жауын-шашын негізінен қар түрінде болады деп күтілуде», – деп хабарлайды Қазгидромет.

Елдің шығысында, оңтүстік-шығысында қалың қар, боран болады деп болжануда. Жауын-шашынсыз ауа райы батыста, солтүстік-батыста, Ұлытау облысында.

Республика бойынша тұман солтүстікте, шығыста, елдің орталығында көктайғақ болады деп болжануда. Түнде елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 1-8 градус аяз болады.

Күндіз шығыста, Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыста, облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с. Ал түнде солтүстікте 3 градус аяз күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталуда, облыстың солтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Сурет: Нұрболат Нұржаубай

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: