Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда облысында неше шақырым жол жөнделеді?

13.07.2022, 10:00 84

HALYQLINE.KZ Биыл Қызылорда облысында ұзындығы 348 шақырымды құрайтын автомобиль жолдары мен көпір өткелдерін және көшелерді жөндеуден өткізу жоспарланған. Ол үшін республикалық және облыстық бюджеттен барлығы 18,5 млрд теңге бөлініп отыр.Бүгінгі күні 104 шақырым жол желісі жөндеуден өткізіліп, 4,7 млрд теңгесі толық игерілді. Бұл туралы аймақ басшысы облыстық мәслихаттың кезекті 17-ші сессиясында мәлімдеді.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жоспарланған 13 млрд 272 млн теңге қаржыға 104 км жол салынды. Ал, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасына сәйкес облыс орталығындағы Сұлтан Бейбарыс көшесінен Қызылжарма каналына дейінгі 4 шақырымды құрайтын магистралды көшенің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

«Кіші қалаларды дамыту» бағдарламасы шеңберінде облыстық бюджеттен 69 млн теңге бөлініп, Арал қаласының 10 көшесі және Қазалы қаласының 10 көшесі қайта жаңғыртудан өткізілуде.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен  1 млрд 594 млн теңге бөлініп, 14 жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, облыстық бюджеттен Қызылорда қаласы мен облыс аумағында кент, ауылдық округтердің 50 шақырым болатын көшелерін жөндеу жұмыстарына 3 млрд 345 млн теңге бөлінді.

Өткен жылдың қорытындысымен облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайы белгіленген индикаторлық көрсеткіш – 75 пайызға жеткізілді. 2022 жылы бұл индикаторлық көрсеткішті 82 пайызға жеткізу көзелген.  

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: