Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда облысында бір күнде 21 шетелдік автокөлік заңдастырылды (Видео)

24.01.2023, 9:45 75

HALYQLINE.KZ 23 қаңтарда елде шетелдік автокөліктерді заңдастыру науқаны басталды. Сағат 19:00-дегі ақпаратқа сәйкес алдын ала мәлімет бойынша  21 адам тиісті құжаттарын алды.

Құжаттары толық азаматтар мемлекеттік нөмірлік белгілерін алып, өз көліктерін сәтті заңдастыруда. Азаматтарға ХҚКО-ларда мамандар көмектесуде. Мұнда кеңес алып, базалар бойынша құжаттарды тексеруге мүмкіндік бар. Әрбір өтінім жеке қаралады. Қосымша сұрақтар туындаған автокөлік иелеріне қажетті ұсыныстар беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, заңдастыруға өтінімді е-gov.kz электрондық үкімет порталы, екінші деңгейлі банктердің қосымшалары, Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы беруге болады. Ереже бойынша автокөлік Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген болуы керек, қылмыстық есепте болмауы тиіс, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы қажет. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі тиіс. Егер автокөлік заңдастыруға жататын болса, онда алғашқы тіркеу үшін мемлекеттік алымды, мемлекеттік нөмірге төлем мен техпаспорт үшін мемлекеттік БАЖ төлеу қажет.

Заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

Видео сілтемесі:

https://www.youtube.com/shorts/Gd3BhWVaui8

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: