Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қылмыстық істер электронды түрде тергелуде

10.02.2020, 15:46 1325

Елбасының сандық технологияларды дамыту туралы Жолдауы аясында құқық қорғау жүйесінің жұмысы жанданып, «Е-Қылмыстық іс» жүйесі іске қосылды.

Жүйе қылмыстық процестің барлық сатыларын, қылмыстық құқықбұзушылықтарды тіркеуден бастап, оның тергелуі және үкімнің орындалуына дейін қамтиды.

Қылмыстық процесті цифрландыру халық үшін сезімтал мәселелердің қатарын шешуге, сондай-ақ дәлелдемелерді жинақтау және процессуалдық құжаттарды рәсімдеуді жеңілдетуге, іс материалдарын бұрмалау тәуекелін, тергеу және сот органдарына жүктемелер мен материалдық шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді.

Бұл электронды қылмыстық істің берері көп.

– Қылмыстық істі бұрмалауға жол берілмейді және жоғалмайды;

– Қажетсіз қағазбастылықтан құтыламыз;

– Электронды форматқа көшкен соң істер тезірек тергелетін болады. Бұл бағдарламада шамамен 100-ге жуық процессуалдық құжаттардың шаблондары бар. Соттың санкциясын электронды түрде алуға болады.

– Талдау жүргізу блогы күшейтілді. Әрбір іс неғұрлым мұқият қаралатын болады және бірыңғай тәжірибені республика аумағында форматтауға мүмкіндік туындайды;

– Жәбірленуші, күдікті, сондай-ақ адвокат кез келген уақытта онлайн режимінде істің тергелу барысымен таныса алады;

– Тараптар тергеушінің әрекетіне шағымданған жағдайда, прокурор оның әрекетін дереу онлайн режимінде тексере алады.

Осы тұста қылмыстық істерді электронды форматта тергеп тексеру үшін облыстық полиция органдарының материалдық-техникалық базаларын нығайтып, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен 92 млн теңге бөлініп, полиция органдарына 116 компьютерлер мен құрал-жабдықтар алынды.

Бұған қоса ағымдағы жылы облыстық полиция Департаментімен «Электронды қылмыстық іс» бойынша 205 автоматтандырылған жұмыс орнымен қамтамасыз ету үшін облыстық әкімдікке 190 млн теңгеге бюджеттік өтінім берілген.

Аталған бюджеттік өтінім облыстық әкімдікпен қаралып, 100 қажетті компьютермен қамту үшін жергілікті бюджеттен 92,7 млн теңге бөлініп, қазіргі таңда облыстық полиция департаментімен мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында облыс аумағындағы қылмыстық қудалау органдарымен электронды форматта 291 қылмыстық іс тіркеліп, жалпы тіркелген 614 қылмыстық құқы бұзушылықтардың 47%-ын құраған.

Осылайша Республикалық көрсеткішпен салыстырғанда 4-орынға қалыптастық.

Бағдарлама қылмыстық істің материалдарына бөтен тұлғалардың, соның ішінде жүйе әкімшілігінің тарапынан, санкцияланбаған қолжетімділіктен жоғары дәрежеде қорғалған. Сол үшін қылмыстық істің материалдарына қолжетімділік тек қана істі тергейтін тергеушіде және прокурорда ғана болады.

Қызылорда облысының прокуратурасы

Қылмыстық қудалау басқармасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: