Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ҚР СІМ: Шетелдік кейбір БАҚ өкілдері жалған ақпарат таратуда

10.01.2022, 12:40 174

HALYQLINE.KZ  Шетелдің кейбір баспасөзі Қазақстандағы жағдай туралы үстірт және бір жақты ақпарат таратып жатыр.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі ресми сайтында осындай мәлімдеме жариялады. Ведомство қазақ билігінің қарулы күштері мен құқық қорғау органдары, кейбір шетелдік БАҚ бұрмалап көрсеткендей, бейбіт шерушілерге емес, террористерге қарсы күресіп жатқанына баса назар аударған.

Сондай-ақ Сыртқы істер министрлігі экстремистік топтарға қарсы әскери қимылдарды Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының бітімгерлері емес, Қазақстан әскері жүргізіп жатқанын да ескертті. Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының күштері жағдай тұрақталған соң Қазақстан тарапының бірінші өтінішінен кейін ел аумағынан кететіні анық.

www.24.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: