Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қойдың ақшасында имамдар мен молдалардың не шаруасы бар?

29.07.2020, 8:55 421

HALYQLINE.KZ

Желіде Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов тақсырдың баспасөз мәслихатында 35-40 мыңға сатып алынған қойдың құрбандыққа жарамайтыны туралы пікірі халықтың ашу-ызасын туғызып жіберді. Пікір жұртты шатастырғаны былай, дініміздің атына, имамдардың атына ауыр сөздер айтылуына себеп болып кетті.

Құрбандық шалу қарсаңында айтылатын әңгімеде ең алдымен Құрбандық шалу кімге парыз, кімге парыз емес, осы түсіндірілмей ме? Құрбандық шалу әрбір мұсылманға парыз емес қой. Жағдайы келген ғана шалады. Қарызы бар, жағдайы төмен отбасыларға құрбандық шалу міндетті емес қой. Ары қарай шариғат жолы бойынша құрбандыққа шалынатын малға қойылатын талаптар түгенделіп берілсе жетпей ме?

Қойдың ақшасында имамдар мен молдалардың не шаруасы бар? Құрбандық малдың ақшалай көлемін сөз етудің мүлде қажеті жоқ еді. «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі» деген сол. ҚМДБ өзінің өкіліне қатысты шара қолдануға тиіс.

Имамдар одан да құрбандықты қарызға ақша алып шалуға болмайтынын ескерткені әбден оңды болар еді. Карантин кезіндегі сақтық шараларын қайталау да артықтық етпейді. Бұл жерде айып дінімізде емес, шариғат жолын жаңсақ түсіндірген дін қызметкерінде.

Пендешілік кімде жоқ? Бәрімізге кешірімді болған дұрыс.

Марат БАЙДІЛДӘҰЛЫ,

журналист,

Әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.

Көрнекі  сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: