Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан: «Күніне 2,5 мың адамнан пневмония анықталуда»

30.06.2020, 11:20 526

HALYQLINE.KZ Жаңа денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың таралуына қарсы іс-қимыл бойынша жиында мәлімдеме жасады.

«10 маусымнан бастап COVID-19 белгілері айқын көрінетін, алайда ПТР тестілеу нәтижесі теріс болып шыққан пневмонияның айтарлықтай өршігенін байқап отырмыз. Өткен екі күнде күн сайын 2,5 мың адамнан осындай пневмония анықталып жатыр», – деді Цой.

Бұған дейін Қазақстанның кей өңірінде пневмониямен ауыратын науқастар саны күрт өскені хабарланған.

С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Равиль Егембердиева пневмонияның өршуін түсіндірді. Оның айтуынша, пневмония – коронавирустық инфекцияның көрінісі және оларды бөліп қарастыруға болмайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: