Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақша атау – кәсіпкерліктің көркі

17.11.2026, 8:40 115

HALYQLINE.KZ

Кәсіпкерлер үшін пайдалы әдістемелік нұсқаулық жарық көрді. «Қызылорда облысының эргонимдері» атты еңбекті Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің тіл ғалымдары Аман Абасилов пен Алдажар Әбілов дайындаған. Нұсқаулық Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша әзірленген. Бұл туралы қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі хабарлады.

Бұл – кәсіпкерлерге арналған нақты көмекші құрал. Мұнда қоғамдық тамақтану, сауда, сұлулық пен денсаулық, білім, демалыс және басқа да қызмет көрсету салаларындағы нысандарға лайық қазақша атаулар топтастырылған. Әр атаудың мағынасы мен қолданылу реті де түсіндіріледі.

Кәсіпкерлік нысанның атауы жай ғана маңдайшадағы жазу емес. Ол тұтынушыға алғашқы әсер қалдырады, мекеменің бағытын танытады және өңірдің мәдени болмысын көрсетеді. Сондықтан атау таңдағанда қазақ тілінің бай қорын, ұлттық таным мен жергілікті ерекшелікті басшылыққа алған жөн.

Тіл туралы заңнама талаптарына сәйкес, маңдайша жазулары мен қызмет түрлері туралы көрнекі ақпарат қазақ тілінде орналастырылуы қажет.

Кәсіпкерлерді өз нысандарының атауы мен ақпараттық жазуларын осы талаптарға сай реттеуге шақырамыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: