Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақ халқы титулды ұлт ретінде бір идеяның астына бірігуі керек

20.05.2026, 10:40 39

HALYQLINE.KZ

80 ЖАСҚА АЯҚ БАСҚАНДАҒЫ АҚЫЛ-ОЙМЕН БӨЛІСУ

Әлем астан-кестен күйге түсті, ертең не болары белгісіз. 2008 және 2020 жылғы екі дағдарысты еңсере алмай, кризис жалғасуда. Адамзат қазір жолайрығында тұр деуге болады. Біз ноосфералық өркениетке қарай даму арқылы биосфералық сана-сезімді түбегейлі өзгерте отырып, ЖАҢА ГУМАНИСТІК НООСФЕРАЛЫҚ ЦИВИЛИЗАЦИЯҒА қадам басамыз немесе әлемдік келеңсіздіктерді, нәубеттерді, жасанды интеллектіні игере алмай, бізге жоғалып кету қаупі төнуі мүмкін.

«Сонда мұның түп-тамыры неде?» деген сұраққа қысқаша жауап: оның себебі экономика, табиғат, циклді басқару заңдары бұзылды. Бір сөзбен айтқанда, әлем руханиятсызданып, деградацияға түсуде.

Мұның артында әлемнің 50%-дан астам байлығына ие әлемдік корпорациялар мен ірі банктер империясы тұр. БҰҰ, G7, G20 мемлекеттері де қазірше қауқарсыз, олар бейбітшілік иммитациясын жасап қарулануды білуде. Кеше ғана әлемдік державалар АҚШ пен Қытай басшылары кездесуінде де әлемдік мәселелер ашық көтерілмеді, мүмкін алда болар.

ЧТО ДЕЛАТЬ?

Осындайда еріксіз сұрақ туады. Біз өзі қайда бара жатырмыз, бізді қайда алып бара жатыр? Біз де білмейміз қайда бара жатқанымызды, алып бара жатқандар да (G7, G20) білмейді.

Енді не істеу керек?

1-ші ӘЛЕМ. Мұның кілті – капитализм мен социализмнің орнына келетін қоғамда, жаңа өркениетте. Бұл жаңа қоғам – жаңа 7-ші формация – «ИНТЕГРАЛДЫ ҚОҒАМ» болмақшы. ХХІ ғасыр гуманитарлық ноосфералық өркениет ғасыры болмақ деген пікірді білдіремін. Бұл пікірім «Новая эпоха цивилизации» кітабымдағы «Концепция будущего» атты жобамда берілген. Кітап Кембридж баспасында жарық көрді, Ұлыбританияда Кембридж университетінде автордың қатысуымен тұсаукесері болды. Нобель сыйлығы иегерінің оң пікірі бар.

2-ші ҚАЗАҚСТАН. Бұған балама ретінде қарсы қоятын бізде бір-ақ парадигмамыз, жолымыз бар. Ол 5 мың жылдық тарихымыз бар түркі өркениетінен, ататектен келе жатқан ұлттық рухани, мәдени-тарихи құндылықтарымызды жаңаша жаңғыртумен қатар әлем дамуының жаңа технологиялық үрдістерін, жасанды интеллектімен қоса толық меңгеру.

Кеше ғана қабылданған жаңа Конституцияның қағидаттарын қандай идеологиялық тетіктермен іске асырамыз? ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «біз Қазақстан халқы, өзгелердің теріс ықпалына түспейтін өз идеологиямызға сүйенуіміз керек» деген пікіріне жүгінсек, онда ұлттық идеологиямыз керек деген сөз емес пе?

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ ЖАСАЛДЫ. Толық мәтіні БАҚ-да жарияланады. Олар: рухани, мәдени-тарихи құндылықтар, құқықтық мемлекет, ұлттық рух, тәрбие, адал азамат, білім, ілім, дін, еңбек адамы, кәсіби біліктілік, заң мен тәртіп, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар, халықаралық қатынастар сияқты ірі-ірі 8 бағыттан тұрады.

Негізінде біз қазақтың ұлттық мүддесін, яғни тәуелсіздігімізді нығайту, жеріміздің тұтастығын, тіліміздің дамуы, дініміздің бір мәзһабын сақтауы, мәдени салт-дәстүріміздің өркендеуі, міне, осы құндылықтарды берік ұстасақ, дамытсақ, мақсатымызға жетеміз. Ол үшін қазақ халқы титулды ұлт ретінде бір идеяның астына бірігіп, басқаларды да тартып, түркі тегінен келе жатқан бар ар-намысын, күш жігерін салу керек.

Оразалы  СӘБДЕН,

академик

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: