Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалыда 36 тұрғынға пәтер кілті табысталды

24.01.2020, 15:11 370

Бүгін Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінен «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру аясында салынған 18 пәтерлі көпқабатты жаңа тұрғын үйлер пайдалануға берілді.

Салтанатты шарада аудан әкімі Мұрат Ергешбаев тұрғын үй кезегінде тұрған 36 отбасыға жаңа пәтердің кілтін табыстады. Аудан басшысы тұрғын үйлерді халыққа беруде негізінен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, әлеуметтік осал топ және көпбалалы отбасыларға басымдық берілгенін атап өтті.

Тұрғындар қуанышы

Жаңа баспанаға ие болғандардың қуанышында шек жоқ. Олар аудан басшысына ақжарма тілектерін айтып, ризашылықтарын жеткізді. Ақ жаулықты аналар ақ батасын берді.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: