Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қауіпсіздік қағидаларын қалт жібермеу керек

23.01.2020, 14:05 569

Қауіпсіздік қағидаларын қалт жібермеуге шақырған Қызылорда облысы ТЖД қызметкерлері қашанда әрбір тұрғынға жіті түсіндіруді дәстүрге айналдырған. Осындай игілікті шара шаһар маңындағы Қараөзек бекеті мен Айнакөл ауылында жалғасын тапты. Расында, әр тұрғынға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, пеш, газ, жылу және электр жабдықтарын пайдалану ережесін түсіндіру мақсатында арнайы құрылған мобильді топ белсенді жұмыс атқарды. Оның дәлелі 1778 тұрғынға жүргізілген түсіндірме жұмысынан аңғаруға болады. Сонымен қатар, жергілікті бюджет қаражатынан бөлінген 3838 дана көмірқышқыл газын анықтайтын датчик сатып алынған болатын. Бұл құрылғылар әлеуметтік аз қамтылған және жалғыз басты ана, көпбалалы отбасыларға орнатылуда.

Бүгінде сол игілікті істің нәтижесінде 13 отбасы қуанышқа бөленіп, жаңа датчиктің иесі атанды. Әрине, мұндай көмек бүтін бір отбасын төтенше жағдай кезінде шырт ұйқыдан шырылдап оятып, аман алып қалуға өз септігін тигізбек.

Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: