Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қара теңізде Ресей мұнайын тиеген грек танкеріне шабуыл жасалды

19.08.2026, 10:20 51

Қара теңізде Грекияға тиесілі Skiros мұнай танкері шабуылға ұшырады. Кеме Новороссийск маңындағы Каспий құбыр консорциумының терминалынан Ресей мұнайын тиеп шыққан.

Bloomberg дерегінше, оқиға 16 тамызда болған. Шабуылды кім жасағаны және қандай қару қолданылғаны әзірге хабарланған жоқ.

Skiros танкері бір миллион баррельге дейін мұнай тасымалдай алады. КҚК терминалы негізінен Қазақстан мұнайын экспорттағанымен, осы жолы кемеге Ресейде өндірілген мұнай тиелген. Терминал арқылы жөнелтілетін шикізаттың 5–10 пайызы Ресей мұнайының үлесіне тиеді.

КҚК бағыты Қазақстан үшін стратегиялық маңызға ие. Елден экспортталатын мұнайдың басым бөлігі осы құбыр арқылы Новороссийск портына жеткізіледі. Терминал әлемдік мұнай тасымалының шамамен 2 пайызын қамтамасыз етеді.

Шілде айындағы дрон шабуылдары нысанның жұмысына кедергі келтіріп, Қазақстандағы бірқатар кен орнында мұнай өндіру көлемінің қысқаруына әсер еткен еді.

Танкерді басқаратын грек компаниясы экипаж мүшелерінің зардап шекпегенін мәлімдеді. Мұнай төгілмеген, қоршаған ортаға зиян келмеген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: