Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қала көркі айшықтала түсті

26.12.2023, 11:35 220

Қызылорда қаласының көркін айшықтайтын көпқабатты тұрғын үйлер биыл ерекше жаңартылды. Айталық, осы жылы қала тұрғындарының игілігі үшін 1 млрд теңгеге 20 көпқабатты тұрғын үйдің аулалары абаттандырылып, көпшілікке заманауи спорт алаңдары мен жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар салынып, жарық бағаналары орнатылды. Бұл игі істер қала күні мен Қызылорда облысының 85 жылдығына орай тұрғындарға тарту етілді.
Айта кетейік, жергілікті кәсіпкерлер, облыстан шыққан меценаттар туған жерді көркейтуге үлес қосып, белсенділік танытты.

Сонымен қатар, маусым айынан бастап демеушілердің қолдауымен құны 1,1 млрд теңгеге облыс орталығындағы 30-дан астам ескі көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері заманауи панельдермен қапталды. Аталған жұмыстар жергілікті демеушілердің, атап айтқанда қала құрылысшылары мен кәсіпкерлердің қолдауымен жүргізілді. Кәсіпкерлердің бұл игілікті қадамы туған жерге тарту жасаудан туындаған.

«Бар игілік балаларға» – демекші жас ұрпаққа қолдау көрсету Сыр өңірінде әрдайым жалғасын тауып келеді. Осы мақсатта аймақ басшысының бастамасымен сырбойылық балаларға жан-жақты қолдау көрсету және салауатты өмір сүру қағидатын қалыптастыру мақсатында игілікті істер жүзеге асты.

Атап айтқанда, былтыр жергілікті демеушілердің есебінен «Балалар жылына» орай Қызылордада 1,6 млрд теңгеге 80 балалар спорт-ойын алаңы тарту етілді. Оның 50-і облыс орталығында, қалған 30-ы аудандарда салынды.

Спорттық тренажерлармен жасақталған балалар ойын алаңдарында емін-еркін спортпен шұғылдануға және бой сергітуге ыңғайлы жағдай жасалған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: