Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыста жанар-жағармай қоры жеткілікті

01.07.2021, 16:45 275

HALYQLINE.KZ Бүгінде мұнай өнімдері облысқа уақытында жеткізілуде. Мәселен аймақта АИ-92 маркалы бензиннің 2920,1 тонна, дизель отынының 2788,9 тонна қоры бар. Сондай-ақ, әзірге жанар-жағар майға тапшылық жоқ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов мәлімдеді.

– Маусым айында жанар-жағармайға уақытша тапшылық болды. Бұл еліміздегі мұнай өндеу зауыттарында жыл сайынғы жоспарланған жөндеу жұмыстарының жүргізілуінен және тасымалдаушы вагондардың жетіспеушілігінен болды. Алдағы уақытта Павлодардағы мұнай өңдеу зауыты да жөндеуден өтеді. «Қазақстан темір жолы» АҚ-мен бірлесіп жүргізілген жұмыстар нәтижесінде аталған мәселе өз шешімін табуда, – деді Фердоуси Әбілқасымұлы.

Бүгінде АИ-92 маркалы бензинінің орташа бағасы – 171,8 теңге, дизель отыны 191,2 теңгені құрайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: