Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мұхтар Жеткерген: «Төтеншеліктер өз қызметіне адал»

26.12.2023, 16:50 208

Әлемдегі ең қиын мамандықтардың бірі – өрт сөндіру қызметі. Бұл қызмет батылдық пен тәуекелді талап ететін нағыз ер жүрек азаматтарға тән мамандық. Осы салада 5 жылдан астам аянбай еңбек етіп келе жатқан №7 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Мұхтар Жеткерген маусым айында қаладағы тұрғын үйде орын алған өрт оқиғасында өз басын қатерге тігіп, жалын шарпыған аумақтан мүгедектігі бар азаматты қауіпсіз жерге шығарған. Осы көзсіз ерлігінің арқасында биыл «Үздік өрт сөндіруші» атанды.

Өрт сөндіруші болу үшін ең алдымен физикалық және моральдық тұрғыда мықты болу керек. Өйткені кез келген уақытта өрт оқиғасы болса, дереу іске кірісіп, жалынды тез арада өшіруіміз керек. Ал өрт шарпыған аумақта адамдар болса, бізге екі есе жауапкершілік қажет. Себебі өз басыңды қатерге тігіп, өрттен адамды аман алып шығу үшін үлкен тәуекелге бел буамыз. Өрт пен судың бел ортасында жүрген төтеншеліктердің әр қимылы әбжіл, басқан қадамы тиянақты болуы шарт. Қате жасаған кішкене қадам қайғылы оқиғалардың орын алуына әкеп соқтыруы мүмкін. Төтеншеліктер өз қызметіне адал. Сол себепті олар әрқашан құрметке лайық деп ойлаймын, – деді Мұхтар Жеткерген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: